Басты бет / Қоғам /
Интернет 404 қате
Иллюстрация: Dribbble.com ©Serj Marco

Қазақстанда министрліктер мен әкімдіктер сайты істемей қалды

Министрліктер мен әкімдіктердің gov.kz сервисінде жұмыс істейтін ресми сайттарына кіру мүмкін емес. Сайтқа кірген кезде пайдаланушыға ақ экран бетінде «тілдерді жүктеу» деген жазу шығады. Бұл ақау 22 қазан таңертең пайда болды.

5daff345d74aee1922b95e46ada4c425 Қазақстанда министрліктер мен әкімдіктер сайты істемей қалды

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы мемлекеттік органдар сайтындағы ақауды растап, қазір порталды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта EPIR GO жобасындағы ақауды жою бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз, — делінген хабарламада.

Мақала туралы ойыңыз?