Басты бетҚоғамТеміртауда 20...

Теміртауда 20 жастағы сарбаз өзіне оқ атты

Бұл туралы Ұлттық гвардияның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 21 қазан түнгі сағат 01.30 шамасында мерзімді қызметтегі әскери қызметші бекетте қарумен өз басына оқ атқан. Ол шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, қабылданған шараларға қарамастан, ол сағат 2.20-да көз жұмды. Аталған факт бойынша Орталық өңірдің әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықтап жатыр, — делінген хабарламада.

Марқұм болған қатардағы жауынгер 20 жаста және Түркістан облысында туған.