Басты бетҚоғамЕлімізде чек...

Елімізде чек бермейтін сатушылар туралы хабарлағандар сыйақы алады

Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі акция 20 қазаннан басталғанын хабарлады.

«Азаматтық бақылау — түбіртекті талап ет» акциясына кез келген ниет білдіруші азамат қатыса алады. Барлық жіберілген өтініш мемлекеттік кірістер органдарымен қарастырылады.

Фискалдық чекті бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен WIPON CASHBACK тегін мобайл қолданбасын жүктеу арқылы хабарлауға және фискалды чекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (жеке табыс салығы шегеріле отырып 1 000 теңге) алуға болады, — делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, кәсіпкер туралы ақпаратты білу үшін (идентификациялау) сатып алушы кассаның жанында орналасқан QR-кодты сканерлеуге болады.

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарды азаматтық ұстанымдарын білдіруге, заңды бұзушыларға бей-жай қарамауға және акцияға белсенді қатысуға шақырды.