Басты бет Жаңалықтар Бір секундта мақала жаза алатын робот-журналист жасап шығарылды

Бір секундта мақала жаза алатын робот-журналист жасап шығарылды

Қытайдың робот-журналисі Сяо Нань алғашқы мақаласын Southern Metropolis Daily газетіне жариялады. 300 иероглифтан тұратын мақаланы жазуға робот бір секундын жұмсады. Бұл туралы жергілікті басылымға сілтеме жасап, Inform.kz хабарлайды.

Роботты Бейжің университетінің командасы жасап шықты. Команда басшысының айтуынша, Сяо Нань шағын хабарлама ғана емес көлемді мақала жазуға да қабілетті екен. Роботтың басты ерекшелігі: мәліметтерді жылдам қорыта алады, әрі мәтін теріп уақытын жоғалтпайды.

Әзірге робот журналистерді алмастыра алмайды. Өйткені ақылды машина сұхбат ала алмайды, сондай-ақ тақырыпқа қатысты сұрақтар қоя алмайды. Алайда жобаны жасаушылар болашақта тілшілерге арналған көмекші роботтардың пайда болатынына сенімді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version