Басты бетМедицинаАта-ана қамқорлығынсыз...

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар вакцина салғызғысы келсе, қайтеді?

Baribar.kz тілшісінің бұл сұрағына Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев жауап берді.

Ата-анасы жоқ балалардың заң бойынша қамқоршысы болады. Балалар үйінің жауапты азаматтары бар, олар сол мекеменің қызметкері болғандықтан заңды түрде рұқсат беруге құқы бар. Бірақ бұл вакцина алғысы келетін азаматтың өзіне байланысты. Өтінішке қол қояды, сауалнама толтырады. Әрине, оның жанында міндетті түрде ата-анасы немесе қамқоршысы болуы керек. Кәмелет жасына толмағанға дейін балаларға вакцинаны рұқсатсыз салғызуға құқы жоқ, — деді Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинаcын 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер, жүкті әйелдер (жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін), лактация кезеңіндегі әйелдер босанғаннан кейінгі кезең аяқталған 42 күннен кейін) салғыза алады.

Алматыға Pfizer вакцинасы қазан айының соңында келеді. Бұл туралы Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 7 қазанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.