Президенттің айтуынша, жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиімділігін арттыру қажет.
Біз былтыр әр өңірдің ішкі саясат басқармасынан жеке бөлім аштық. Осы бөлімдерге қолдау көрсетіп, жұмысын жандандыра түсу керек. Оған өз құзіретіне кірмейтін тапсырма берілмеуі қажет. Әркім өзіне жүктелген міндетті атқаруға тиіс. Қоғамдық келісім мекемесінің де қызметіне қатысты осы талапты ұстануға тиіспіз. Аталған ұжымдарда жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын көбейткен жөн, — деді президент.
Мемлекет басшысы этносаралық қатынас саласындағы өңірлік құрылымдарды мамандармен қамтамасыз етуге де баса назар аудару керектігін айтты.
Бұл жұмыс ең алдмен ұлттық құрамы әртүрлі және белгілі бір этнос өкілдері тығыз қоныстанған аймақтарға қолға алу қажет, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.