Басты бетҚоғамҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев ереуілге шығатын аналар туралы айтты

Шын мәнінде ана дегеніміз — отбасының ұйытқысы, ананың орны ерекше. Оны бәріміз де білеміз. Сондықтан біз қоғамда анаға деген құрметті өте жоғары қоюымыз керек. Сонымен қатар аналар да қоғам алдында өз жауапкершілігін терең сезінуі керек. Кейбір көпбалалы аналарымыз заңсыз ерулерге шығып, айқай-шу көтеріп, қоғамдық тәртіпті бұзып отыр, — деді мемлекет басшысы.

Қазақстан президенті масылдықты — өзекті қоғамдық, тіпті саяси проблема деп атауға болатындығын баса айтты.

Біз «Бейбіт жиналыстар туралы» өте жақсы заң қабылдадық. Кім не айтса да, бұл — демократияны дамыту жолындағы маңызды қадам. Бейбіт жиналыстар мен демонстрацияларға ешкім де кедергі келтірмейді. Онда бәрі жазылған. Ресми рұқсат алу қажет. Бұл жиналыстар, демонстрациялар хабарландыру режимінде де өткізіле алады. Бірақ, осынау болмашы талапты кейбір азаматтар бұзуға болады деп есептейді. Осы тектес әрекеттерге құқықтық баға беріледі. Бас прокуртураның міндеті — азаматтарымызға осы заңды түсіндіруді жалғастыру, ал барлық құқық қорғау органдарының міндеті қоғамдық тәртіпті, заңнамамызға сәйкес қолдау, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.