Осы жұмысты күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ілгерілету мақсатында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының және «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының қалалық слеті өткізілді.
Слет жұмысына Sanaly urpaq республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Тоқышев, Алматы Білім басқармасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері, қала мектептері мен ЖОО басшылары қатысты.
Кездесу барысында слет қатысушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға байланысты түрлі мәселелерді талқылап, Алматы қаласының білім беру ұйымдарында «Адал ұрпақ» мектеп клубтары мен «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының одан әрі дамуы мен жұмыс істеуінің негізгі міндеттері мен перспективаларын белгіледі.
Қазіргі уақытта қаланың мемлекеттік және жекеменшік мектептерінде 289 «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылған. Онда 100 мыңнан астам оқушы клуб мүшесі бар. Қаладағы 38 ЖОО-да «Саналы ұрпақ» студенттік клубтары белсенді жұмыс істейді. Іс-шара барысында 900-ден астам оқушы «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының қатарына салтанатты түрде қабылданды.
Слет соңында барлық қатысушылар міндетті түрде ескерілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша өз идеялары мен ұсыныстарымен алмасты.