Басты бетЖаңалықтарСерік Ахметовтің...

Серік Ахметовтің жазасын өтеу мерзімі қысқарды

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық туралы заңға сәйкес Серік Ахметовтің өтелмеген жаза мерзімінің ¼ бөлігін қысқарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды.

Қарағанды облысындағы көшпелі сот отырысы шығарған Қаулыға сәйкес Ахметовтің жаза өтеу мерзімі Рақымшылық туралы заң күшіне енген сәттен бастап 1 жыл 7 ай 11 күнге қысқарды. Серік Ахметовтің жазасын өтеу мерзімі енді 4 жыл 10 айды құрайды.

Еске сала кетсек, 2015 жылы желтоқсан айында Қарағанды облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы Премьер-министр Серік Ахметов пен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты іс бойынша үкім шығарып, экс-премьер 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Дереккөз24.kz