Конференцияда ҰЭМ жобалық басқару саясаты департаментінің директоры Илона Шварцкопф Ұлттық жобаларды іске асыру барысына тоқталды.
Илона Шварцкопфтың айтуынша, Ұлттық жобалар бірнеше қағидатты қамти отырып, жобалық тәсілді пайдалану арқылы іске асырылады.
Нәтижені көздеу, күтілетін нәтижеге қол жеткізуге дербес жауапкершілік, барлық қызығушылық танытқан тараптың жобаны іске асыруға тартылуы басты назарға алынады. Енді мемлекеттік органдардың, сараптамалық қауымдастық пен қоғам өкілдерінің тікелей қатысуымен бірлескен кросс-функционалдық жобалық командаларды қалыптастырады, – деді департамент директоры.
Сонымен қатар жаңа ұйымдастырушылық мәдениет пен мемлекеттік басқарудың жобалық-желілік моделі заманауи технологияларға негізделген.
Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың 44 жобалық офисінен тұратын жобалық басқарудың бірыңғай экожүйесін қалыптастыру аяқталуға жақын. Ұлттық жобаларды іске асыруды мониторингілеу офисі жұмыс істеп тұр, — деді Илона Шварцкопф.
Дегенмен, ұлттық жобалардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу офисінің жетекшісі Арман Евниев жоба салалық сараптама жасайтын мамандардың көмегіне мұқтаж екенін баса айтты.
Ұлттық жобалар жүзеге асырыла бастаған қазіргі уақытта алға қойылған мақсаттарға жету үшін салалық сарапшылар тарапынан қолдауға аса зәруміз. Сонымен қатар бізге ұлттық жобаларда көрініс тапқан қоғамдық маңызға ие нәтижені көру маңызды. Ол үшін жобалардың толыққандылығын, белгіленген KPI-дің дұрыстығы мен өзектілігіне GAP-талдау жасау, кездесулер мен пікірталас алаңдарын жүргізуде модератор бола алатын, сыни ойлау қабілетіне ие тәуелсіз сарапшылар қажет, − деді офис жетекшісі.