Ержан Еркінбаев 1982 жылы Жамбыл облысы Шуда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын және Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2002 жылы жеке компанияда заңгер болып бастаған. Түрлі жылдары жеке компанияларда жобалар жетекшісі, заңгер болып жұмыс істеген.
2009-2013 жылдары − «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының бас директоры.
2013-2016 жылдары − «Медеу» спорт кешенінің бас директоры. 2016-2019 жылдары − Алматы мемлекеттік зоологиялық паркінің директоры.
2019 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болды.