Фейктер мен жалған ақпарат темекі шегуге қарсы күресте кедергі келтіреді

Ғылыми деректер және оларға негізделген тәсілдер кейбір дамыған елдерге темекі шегуге қарсы күресуге көмектеседі. Тек шектеулерді қолданылатын елдерде темекі шегушілердің саны өсуде.

Темекі шегуге қарсы күрес жылдар бойы созылып келеді, бірақ тыйым салу тәуелділікті жеңуге және темекі шегушілерге жаман әдеттерінен бас тартуға көмектеспеді. Бірақ жәрдемге ғылым келді және бүгінде ғалымдар тиімдірек тәсілді ұсынып отыр. Лондондағы темекі және никотин жөніндегі 2021 Жаһандық форумында (GTNF) сарапшылар темекі шегуге қарсы күрестің болашағы темекіден болатын зиянды азайтуда екенін атап өтті.

Зиянды азайту жалпы тыйым салуды білдірмейді, бірақ қандай да бір себептермен темекі шегуден немесе басқа жаман әдеттен бас тарта алмайтындарға аз зиян келтіретін баламаны ұсынады. Никотин темекі шегудің ең жиі кездесетін салдары – онкологиялық аурулардың себебі емес екендігі дәлелденген. Темекі шегуден болатын зардаптың көп бөлігі – темекі мен зиянды заттардың жануы. Түтіндеген темекі шайыр, көміртегі тотығын, 69 канцерогендер мен тағы 6000 түрлі химиялық қосылыстарды бөледі. Никотиннің өзі әдеттенуді тудырады, бірақ бұл темекі шегумен байланысты негізгі қиындықтардың себебі емес. Сондықтан сарапшылар темекіге тәуелділіктің өзімен емес, темекісіз балама әдістерге көшу арқылы денсаулыққа келер зиянға қарсы күресуге кеңес береді.

Форумға қатысушылар темекі шегушілердің зиянды азайтуға және дәстүрлі темекіден бас тартуға деген қызығушылығы едәуір артқанын атап өтті. Және бұл темекі шегумен күресудің сәтті болуына үміт береді. Әрине, егер дұрыс тактика таңдалса және елдер шектеулерді енгізіп қана қоймай, темекі шегушілерге зияны азырақ баламаларды ұсынса.

Сарапшылар баламалы өнімдер туралы сенімді ақпараттың жетіспеушілігі және ол туралы жалған ақпарат прогресті тежейді және темекі шегумен күресуге кедергі келтіреді деп санайды.

Электронды темекілер туралы дәйексіз ақпарат пен жарияланымдардың көлемі мен айыптылығы «эпидемия масштабына жетті» дейді темекі шегу мәселелерін зерттеуші Клайв Бэйтс. Бұл зиянды азайту тұжырымдамасын ілгерілетуге үлкен кедергі келтіреді. Дегенмен, әр түрлі елдерде жүргізілген зерттеулердің нәтижелері темекі шегушілер балама нұсқаларға көшкен кезде олардың денсаулығы жақсаратынын растайды.

«Көптеген клиникалық зерттеулер көрсеткендей, темекі шегушілерге қарағанда вэйпинг қолданушыларының денсаулығы әлдеқайда жақсы«, — дейді «Инновация қалай жұмыс істейді» кітабының авторы, Лордтар Палатасының мүшесі Мэтт Ридли.

Мэтт Ридли

Егер темекі шегушілердің балама темекі өнімдеріне қол жетімділігі кеңейтілсе, онда 40 жыл ішінде темекі шегумен байланысты аурулардан болатын өлімді жыл сайын 3-4 миллионға дейін азайтуға болады. Мұндай тұжырымға Түтінсіз әлем қоры демеушілік ететін темекіге қарсы күресті қайта бастау жөніндегі Комиссия келді. Комиссия төрағасы Джеймс К. Глассманның айтуынша, соңғы жылдары темекі шегумен күрес қажетті нәтиже бермей жүр және тактиканы қайта қарауды талап етеді.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі Негіздемелік конвенциясы (ДДСҰ ТҚНК) 18 жыл бұрын қабылданған сәттен бастап темекіге сұраныс төмендеді, бірақ бұл іс өте баяу жүруде. Ал табыс деңгейі төмен және орташа кейбір елдерде ол тіпті өсіп келеді. Біздің есебіміз қазіргі үрдістер жалғасатын болса, темекі шегуге байланысты аурулардан болатын өлім саны 20 ғасырдағы 100 миллионнан 21 ғасырдағы 1 миллиардқа дейін өсетінін көрсетеді»,деп атап өтті Джеймс К.Глассман.

Биыл форумның гибридті форматы оған 700-ден астам ғалым, заңгер, дәрігер, тұтынушы және қоғамдық ұйымдар өкілі мен түрлі елден келген 144 журналистке қатысуға мүмкіндік берді. Сарапшылар дабыл қағып, үкіметтерді, медициналық қоғамдастықты темекі шегу эпидемиясын тоқтату үшін сенімді ғылыми деректерді басшылыққа алуға шақырады.