Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 1,4...

Қазақстанда 1,4 миллион адам тұмауға қарсы екпе салдырды

Халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жалғасуда. Вакцинация жоспары қайта қаралды және бүгінгі күні шамамен 11,4 миллион адамды құрайды. Бірінші компонент бойынша 8,0 миллионнан астам адам екпе алды. Бұл вакцина алуға тиісті халықтың 70,7%-і немесе жалпы халықтың 42,7%-і, – деп мәлімдеді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Екінші компонент бойынша екпе алуға тиісті халықтың 63%-і немесе жалпы халықтың 38%-ы қамтылып, 7,1 миллион адам екпе салдырған.

Одан өзге, Алексей Цой тұмауға қарсы вакцинация қалай жүріп жатқанына да тоқталды.

Тұмауға қарсы вакцинация жалғасуда. Бүгінгі таңда шамамен 1 миллион 380 мың адам немесе тиісті халықтың 54,5% егілді. Вакцинациямен республикалық көрсеткіштен жоғары қамту 7 өңірде байқалады. Оның ішінде Түркістан тұмауға қарсы вакцинамен тиісті халықтың 85%-ы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Ақмола және Қызылорда облыстарында 60%-тен астамы, Алматы қаласында және Шығыс Қазақстан облысында 55%-тен астамы қамтылған, − деді министр.