Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Табиғи және техногендік апаттар дәуірінде сіздердің еңбектеріңіздің мемлекеттік маңызы арта түседі, – деп жазды мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Мемлекет басшысы биыл ТЖМ қызметкерлері 9,5 мың адамды құтқарғанын еске салды.

Мемлекет ерен еңбектеріңізді бағалайды. Сіздерге зор денсаулық, мол табыс тілеймін!, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.