Денсаулық сақтау министрлігінің 19 қазандағы мәліметі бойынша, 52 225 адам (45 706 + және 6 519 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Олардың ішінде стационарда 9 130 науқас, амбулаторияда 43 095 науқас ем алып жатыр.
Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 627 адамның жағдайы ауыр, 168 науқастың жағдайы өте ауыр. 96 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 387 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.