Басты бетЖаңалықтарАтырауда облыстық...

Атырауда облыстық эссе байқауы қорытындыланды

«Атырау — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өскелең ұрпақтың адамгершілік-патриоттық тәрбиесі, құндылық және азаматтық жауапкершілік сезімдерін, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған облыстық эссе байқауының қорытындысын шығарды. Оған 14 жастан асқан 30-дан астам тұрғын қатысты.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, байқаудың шарттары әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғанына қарамастан, Ережеге сәйкес келмейтін сегіз жұмыс қазылар алқасының мүшелерімен ескерілмеген. Барлық жұмыстарды арнайы бағалау комиссиясы бағалады.

Нәтижесінде бірінші орынды Атырау телеарнасының меншікті тілшісі Зейн Ерғали жеңіп алды. Екінші орын – Мұрат Мыңбайұлында. Үшінші орынды х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің журналистика факультетінің 1 курс студенті Зарема Талапқызы иеленді.

Жеңімпаздарға дипломдар мен арнайы сыйлықтарды Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт табыс етті.