Басты бетЖаңалықтарҚуаңшылықтан зардап...

Қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлерге қандай көмек көрсетілді?

Ведомство өкілі, биыл көктем және жаз айларында екі өңірге оңай болғамағанын, сонымен бірге қуаңшылықтың себебі – қыста қар, көктемде жауынның болмауынан деп түсіндірді.

Сол себепті біз биыл оперативтік штаб құрып, министрлік тарапынан сол штабты тұрақты түрде өткіздік, біраз жұмыс атқарылды. Бүгінгі таңда республика бойынша 23,9 миллион тонна пішен немесе жоспардың 100 проценты дайындалды, 1,6 миллион тонна пішендеме, 1,4 миллион тонна сүрлем және сабан мен құнарландырылған азықтар да әзірленіп жатыр, − деді ауыл шаруашылығы министрі.

Министрдің айтуынша, Маңғыстау өңірі бойынша ауыл шаруашылығы малдарын қыстату үшін 77 мың тонна пішен және 53 мың тонна құнарлы азық қажет.

Сол себепті мемлекет, үкімет резервінен 3,6 миллиард теңге бөлінген еді, сол қаражаттан 1,9 миллиард теңге – арнайы Маңғыстау облысына бөлінді. Осы 14 қазандағы жағдай бойынша, сол 1,9 миллиард теңгенің 1,2 миллиард теңгесі игерілді. Бүгінгі таңда 790 шаруа қожалығына, 7 мыңға жуық жеке-қосалқы шаруашылықтарға осы көмек төленді, − деп түсіндірді спикер.

Ал Қызылорда облысына Үкімет резервінен 1,7 миллиард теңге бөлінді, қазіргі уақытта бұл қаражат 100 процент игеріліп, 1 100 шаруа қожалығына көмек төленді.

Одан басқа Маңғыстау өңірінде «Каспий» ӘКК арқылы жергілікті бюджеттен де қаражат бөлініп жатыр. Ол пішен мен құнарлы жем дайындауға жұмсалып, күздің аяғына дейін жем-шөп толық көлемде дайындалады деп жергілікті әкімдік ақпарат берді. Құрғақшылықтан зардап шеккен шаруаларға ақшадан да басқа көмек көрсетілген еді. Біріншіден, фермерлердің алған несиелерін ұзарту жұмысы жүргізілді, темір жол мен азық-түлік тасу үшін қолданылатын тарифтер 77 процентке арзандатылды, ол тариф қазір де жұмыс істеп тұр. Басқа өңірлерден де Маңғыстау облысына жеңілдетілген тариф арқасында біраз жем-шөп тасылып жатыр, − деді министр.