Елімізге азық-түліктің қай түрі көп импортталады?

Қазақстанға ең көп импортталатын азық-түлік түрлері анықталды. 

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев коронавирус пандемиясы ішкі нарықты қамтамасыз ету басты міндет екенін көрсетіп бергенін айтты.

Сондықтан басым экспорттық саясатпен қатар, импортты алмастыру мәселелері де кешенді түрде шешілетін болады. Министрлік ең көп импортталатын позицияларды айқындады. Бұлар – құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік пен сүзбе, алма, қант пен балық. Бүгінде осы бағыттардың әрқайсысы бойынша нақты инвестициялық жобалар айқындалып, іске асырылып жатыр. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде жеңілдікті кредит беру, субсидиялау, жер ресурстарымен, инфрақұрылыммен, ішкі нарықты қорғау шараларымен қамтамасыз ету іске асырылатын болады, — деді ведомство басшысы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингіде.

Оның айтуынша, Ұлттық жобаның басым бағыттарының бірі – өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен экспортын дамыту.

Нәтижесінде 2024 жылға қарай қантты қоспағанда, осы өнім түрлері бойынша қамтамасыз етілу 100%-ті, ал қант бойынша 80%-ті құрайды. Ол үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды толық жүктеуді, сондай-ақ қазіргі заманғы кәсіпорындар салуды және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуды көздейтін шаралар кешені әзірленді, — деді министр.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз