Семейде Қарағайлы деген жаңа шағын аудан салынады

Жоба Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке таныстырылды. Осы жылы онда 10 шақты көпқабатты тұрғын үй салу көзделген. Әрбір нысанда міндетті түрде көлік тұрағы қарастырылады. Сонымен қатар, жаңа шағын ауданда әлеуметтік нысандар да көптеп салынбақ. Солардың бірі – 5 мың адамға арналған «Абай Арена» демалыс және спорт кешені.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

— 1 жылдан кейін осы қаланың 300 жылдық тойы болады. Сол себептен Елбасы, Президенттің тапсырмасы бойынша біз бірсыпыра жаңалықты осы елге, осы қалаға әкелеміз деп отырмыз. Абаттандыру жұмысын көрдіңіз бе, жақсы болады. Содан кейін жол жөндеу жұмысы, оған да қосымша 1 миллиард бердік. Абаттандыру жұмысына жарты миллиард қосайын деп жатырмыз.

Дереккөз24.kz