Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 17 қазан күні сағат 19.10-да Өте Мусин көшесі №3-мекенжайында болды. Барак типтес алты пәтерлік ағаш тұрғын үй отқа оранды. Өрттің аумағы 250 шаршы метрді құрады. ТЖ департаментінің күшімен (26 қызметкер, 11 техника) сағат 21.30-да оқшауланып, 22.46-да сөндірілді, — делінген хабарламада.
Сонымен бірге бұдан бір күн бұрын, 16 қазан күні сағат 20.30-да Бәйтерек ауданы Асан ауылы Мирный көшесі 24-мекенжайда екі қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан гараж бен монша, асүй мен жуыну бөлмесі жанды.
Жалпы ауданы – 140 шаршы метр. Өрт сағат 21.28-де оқшауланып, 21.48-де сөндірілді, — делінген ведомство хабарламасында.
Департаменттің баспасөз қызметі екі оқиғадан да зардап шеккендер жоқ екенін, қазіргі кезде өрттердің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталып жатқанын хабарлады.