«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары қалды.
Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта орналасқан.
Ал «жасыл» аймақта Шымкент пен Ақтөбе, Атырау Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары тұр.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 642 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.