Ер адам шұғыл қызмет бөлмесінде пышақ жарақатынан қайтыс болды. Оқиға куәгері полицияға хабарласқан. Оқиға орнында адам өлтірген күдікті ұсталды. Белгілі болғандай күдікті Қазақстан азаматы болып шықты.
Олар Түркістан облысы Жетісай тұрғындары екені белгілі болды. Тергеу нәтижесінде ағайындылардың бірі душтан шыққан туысын ұрған. Немере ағайындылардың арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Ол барлығы 26 пышақ жарақатын салып, тамағынан 6 рет пышақтаған. Екеуі де сау күйде болды және психикалық ауруханада тіркелмеген, − деді Самат Ахметов.
Блогердің айтуынша, адам өлтірді деген күдікті қазақстандық алты күннен бері ешкіммен сөйлеспеген.
Мен кеше онымен сөйлесу үшін келдім – ол 17 минут ішінде екі сөз айтуға тырысты. Ол 14 қазанда Қазақстанға оралуы керек екенін айта кетейін. Оның қылмысы аса ауыр деп саналады, сондықтан Корея билігі осылай дейді. Жазасын өз елінің аумағында өтейтін болады, – деп қосты Самат Ахметов.
Самат Ахметов төрт жыл бойы қазақстандықтарға және ТМД-дан келген басқа иммигранттарға Оңтүстік Кореяда құқықтық мәселелер бойынша көмек көрсетеді. Сонымен бірге мәйіттерді жеткізуге көмектеседі.
Кеше мен марқұмның денесін алдым. Әкесі қазір осында. 21 қазанда біз оны Шымкент әуежайына жеткіземіз, − деп түйіндеді ол.