Басты бетЖаңалықтарНұр-Сұлтанда жол...

Нұр-Сұлтанда жол ақысын банк картасымен төлеуге болады

VІSA және Mastercard карталарымен және NFC жүйесімен жабдықталған смартфон арқылы төлем жасауға болады. Транзакция үшін оларды валидатордың жанында орналасқан арнайы терминалға тигізу жеткілікті.

Айта кетейік, қанатқақты жоба №61 қалалық бағыттағы үш автобуста, қала маңына қатынайтын №309, 310, 315 бағдарларда жүзеге асырылады. Банк картасымен төлеу кезіндегі жол жүру құны өзгеріссіз қалады.