Қанат Ислам 17 ақпанда бразиялық боксшымен жұдырықтасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 17 ақпан күні бразилиялық боксшы Робсон Ассиспен жұдырықтасады. Бұл туралы massaget.kz хабарлады.

Бірінші орта салмақта бақ сынайтын отандасымыз кәсіпқой бокстағы 23-ші жекпе-жегін өткізеді. Ал қарсыласы Робсон Ассис мансабындағы 20-шы кездесуіне шығады екен.

Бразилиялық осы уақытқа дейін өткізген 19 кездесуінде 3 рет жеңіліп, 16-сында жеңіске жеткен. 9 жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен ұтқан. Кәсіпқой бокстағы мансабын 2006 жылы бастаған.

Қанат Ислам шығатын бокс кешінің басты жекпе-жегі туралы «Nelsons Promotion» промоутерлік компаниясының Қазақстандағы өкілі Нұрғазы Ісмағамбетов: Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы келесі кездесуін 17 ақпан күні Нью-Джерси штатындағы Ньюарка қаласында өтеді. Рой Джонстың қатысуымен өтетін бокс кешінде Ислам 10 раундтық жекпе-жек өткізеді. Бірақ, бұл кеште Қанат чемпиондық атағын қорғамайды. Отандасымыз чемпиондық атағын тек Қазақстанда қорғаймын деп отыр. Қарсыласының кім болатынын алдағы уақытта хабарлаймыз. Қанат Ислам қазір АҚШ-та. Нельсон Лопездің қол астында жаттығу жұмыстарына кірісіп кетті, — деген еді.

Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің соңғы жекпе-жегін 2016 жылдың 29 қазан күні Алматыда өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша ганалық боксшы Патрик Аллотейден басым түскен еді.

ДереккөзMassaget.kz