Денсаулық сақтау министрлігінің 16 қазандағы мәліметі бойынша, 52 770 адам (46 069+ және 6 701 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Олардың ішінде стационарда 9 037 науқас, амбулаторияда 43 733 науқас ем алып жатыр.
Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 636 адамның жағдайы ауыр, 186 пациенттің жағдайы өте ауыр. 123 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 900 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.