Өңір басшысы Facebook-тегі парақшасында жақында мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй салып жатқан кәсіпкерден қала әкімдігінің қызметкері ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын еске салды.
Телміріп тапқан теңгеден – тер төгіп тапқан теңге жұғымды», деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, заңсыз және оңай ақша алған жемқор адам тауардың бағасы туралы ойланбай оны оңай жұмсай береді. Бұл нарықтағы инфляцияға әкеледі. Яғни, жемқорлықты бағаның өсуінің бір себебі ретінде қарастыруға болады. Құрылыс материалдары мен қызмет көрсету жұмыстарына баға өсіп жатқан жағдайда, біз адал жұмыс істейтін құрылыс компанияларымен бірге құрылыс нысандарын уақытында және сапалы аяқтау үшін қосымша қаражат іздеудеміз, – деді Ғали Есқалиев.
Ол осындай жұмыстар атқарылып жатқанда мұндай жағдайлар тіркеліп отырса, қатаң шара қолдануды қажет ететінін баса айтты.
Мен тағы да мемлекеттік жобалармен жұмыс істеп жүрген азаматтарға ескертіп айтамын. Заңсыз ұсыныстарға беріліп, бопсалауға түспеңіз. Мен ешкімге заңсыз нұсқау бермеймін және оны орынбасарларым мен әкімдерден талап етемін. Егер мұндай фактілер болса, менің жеке WhatsApp нөміріме +77017776037 «Сыбайлас жемқорлық» деп белгілеп хабарлауды өтінемін. Мен тергеу барысын және кінәлі тұлғалардың заң бойынша жауап бергенін қадағалайтын боламын!, – деді облыс әкімі.