Талғат Момышев экология вице-министрі болды

Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.  Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-құрылысшы, бухгалтер-экономист.

Айта кетейік, 1994-1996 жылдары — қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры.

1997-1998 жылдары — Жамбыл стандарттау және метрология орталығы директорының мемқадағалау жөніндегі орынбасары. Әр жылдары жеке компанияларда жұмыс істеді.

1998-1999 жылдары — Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті.

1999-2000 жылдары — Жамбыл облыстық инвестициялар және ЖЭС комитетінің төрағасы.

2000 жылдары — «Метрология» РМК Алматы бөлімшесінің басшысы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» АҚ директорының бірінші орынбасары.

2000-2005 жылдары — «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» ААҚ Астана бойынша өндірістік басқармасының басшысы.

2005-2010 жылдары — Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары.

2010-2014 жылдары — Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.

2014-2016 жылдары — Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.

2016-2018 жылдары — Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2018-2019 жылдары — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

2019-2021 жылдары — энергетика министрлігінің жауапты хатшысы.

2021 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін энергетика министрлігінің аппарат басшысы болды.