Басты бетЖаңалықтарКоронавирус пен...

Коронавирус пен пневмониядан 35 қазақстандық қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 15 қазандағы мәліметі бойынша, 52 928 адам (46 151+ және 6 777 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 9 114 науқас, амбулаторияда 43 814 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 642 адамның жағдайы ауыр, 185 пациенттің жағдайы өте ауыр. 125 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, делінген министрлік таратқан хабарламада.

@DenMinPR

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 967 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.