Басты бет Жаңалықтар Астанадағы түнгі клубтар түнде жұмыс істемейді

Астанадағы түнгі клубтар түнде жұмыс істемейді

Астана әкімдігі түнгі уақытта жұмыс істейтін ойын-сауық орындарына бақылауды күшейту мәселесін қарастыруда. Бұл туралы сәрсенбі күні өткен пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) жұмысына арналған қоғамдық тыңдауда қала әкімі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Depositphotos.com

«Біз бұл мәселені талқыладық, тұрғын үйлерде орналасқан аталған орындардың жұмысына түнгі он бірден кейін тыйым салу мәселесін мәслихатқа енгізуді көздеп отырмыз», — деп хабарлады Ә.Исекешев қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғыны қойған сұраққа жауап бере отырып.

«Бұл мәселені мәслихат деңгейінде шешу қажет, егер болмай жатса, заңнамаға түзету енгізуді өтінеміз. Тұрғындардың құқықтары — бірінші кезектегі мәселе. Сондықтан түнгі уақытта жұмыс істейтін ойын-сауық орындарында шараларды қатайту мүмкіндігін қарастыру қажет. Бірінші рет — айыппұл, екінші рет — айыппұл сомасы көбірек, үшінші рет — қызметіне тыйым салу. Бізге бұл бағытта заңнамалық түрдегі жұмысты пысықтау қажет», — деп қорытындылады Астана әкімі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version