Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға оқытушылар мен студенттер пікір алмасты.
Университеттегі оқу процесі жастар үшін өте маңызды қадам. Өскелең ұрпақ арасында адалдық, парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын дұрыс тәрбиелеуге және дарытуға көп назар бөлінеді, – деді орталық басшысы.
Сонымен қатар жатақханалардағы орындарды бөлудің объективтілігі, ЖОО оқытушыларының жалақысын арттыру, ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу кезіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Алматы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы ұлттық университеттің жатақханаларына барды. Жоғары білім беру мекемелерінде барлығы 7 мыңнан астам студент оқиды, ал университетте 3 766 орынға есептелген 8 жатақхана корпустары бар.
Студенттердің өмір сүру жағдайымен танысты, бөлу процесінің ашықтығын анықтау мақсатында жатақханадан орын алу рәсіміне назар аударды. Мекеме басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыптарын талқылап, студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Одан өзге, қатысушылар Sanaly urpaq студенттік клубына және басты мақсаты халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін енгізу болып табылатын «ПАРАСАТ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру орталығына барды.
Іс-шарының соңына қарай тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу кезінде, оның ішінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің сарапшыларымен ынтымақтастық жолымен агросекторда субсидиялар бөлу кезінде ынтымақтастық туралы уағдаласты.