Жүк көліктерінің жүргізушілеріне отын алу үшін тәулік бойы тұруға тура келеді. Мәліметтерге сүйенсек, тендерді жеңіп алған компания жылу маусымы басталғанша қажетті отынды тасып үлгірмепті.
Көмірді уақытында жеткізуге вагондар жеткіліксіз. Бұл мәселе жылда туындайды. Бар көмірді таси алмаймыз. Сондықтан республикалық деңгейде үлкен парк құрып, вагондар санын ұлғайтатын кез келді. Сонда жұмыс бір жүйеге түседі, − деді өнеркәсіп және индустриялды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Шорманбаев.
Ал жергілікті билік әлеуметтік нысандарды қатырып алмас үшін көмірді қарызға алып амалдаған. Аймақта көмір тапшылығы жоқ. Шахталар өндіріс қуатын одан әрі ұлғайтуға дайын. Бар мәселе отынды таситын темір жол вагондарының жетіспеуінен туып отыр.