Басты бетЖаңалықтарМемлекет басшысы...

Мемлекет басшысы «Алтай» волейболшыларына атақ беруді тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов «Алтай» волейболшыларымен кездесу өткізіп, спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын клубтық Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.

Алты жыл бұрын біз осы клубты құрдық. Волейболшыларымыздың мұндай мықты нәтижелерге қол жеткізе алатындығына көбінің күдікпен қарағаны рас. Бірақ бүгінде олар мүмкін емес ештеңе жоқтығын дәлелдеді. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Мәдениет және спорт министріне «Алтай» ойыншыларына халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын беруді тапсырды, – деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, қазір клубтың басты мақсаты – Қазақстан чемпионатында лайықты өнер көрсетіп, 2024 жылы Олимпиада ойындарына дайындалу және әлемнің ең үздік клубтарының үштігіне кіру.