Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы бейнебайланыс режимінде өтеді. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы Нұр-Сұлтан уақытымен 17.00-де «Хабар 24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, — деп жазды Берік Уәли Facebook-парқшасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен бірге ертең, 15 қазан күні онлайн форматта өтетін ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады.
Бұл халықаралық жиын да Нұр-Сұлтан уақытымен 14.00-де тікелей эфир арқылы көрсетіледі, — деді президенттің баспасөз хатшысы.