Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртекті бейтараптығына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференцияда айтты.
БҰҰ мәліметтері бойынша, жаһандық жылыну мен антропогендік әсерге байланысты 2030 жылға қарай әлемдік су тапшылығы 40% жетуі мүмкін. Қазақстанның су қауіпсіздігі көбінесе трансшекаралық өзендердің гидрологиялық және экологиялық жағдайына байланысты, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, бүгінде шекарлас елдерден келетін су көлемінің төмендегені байқалады.
Бұл өзендер мен көлдердің табиғи су теңгерімінің бұзылуына, сондай-ақ Қазақстанның бірқатар өңірлеріндегі экологиялық жағдайдың нашарлауына алып келеді. БҰҰ аясында трансшекаралық су ағындарын қорғау және пайдалану мәселелерін реттейтін бірқатар халықаралық келісімдер қабылданды. Кеңейтілген диалог пен ынтымақтастық жолымен халықаралық міндеттемелерді іс жүзінде орындау жөніндегі күш-жігерді үйлестіру қажеттігі пісіп-жетілді деп ойлаймын. Бұл мәселеде біз серіктестер мен халықаралық қоғамдастықтың қолдауына сенім артамыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.