Президент: 2050 жылға қарай көмір электр станцияларының бәрі қолданыстан шығарылады

Бүгін сіздердің назарларыңызға Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптылығы доктринасының жобасы ұсынылады. Доктрина экономика мен өнеркәсіптегі төменкөміртекті трансформацияның базалық тәсілдерін көздейді. Экология, гелология және табиғи ресурстар министрі өз баяндамасында Үкіметтің көзқарасын егжей-тегжейлі таныстырады. Алға баса отырып, доктрина түпкі нұсқада прагматикалық, ұтымды болуға және біздің экономикамыздың ерекшелігі мен құрылымын ескере отырып, оның шұғыл қажеттіліктерін ескеруге тиіс екенін атап көрсеткім келеді, — деген президент.

Жоба бойынша, 2050 жылға қарай барлық көмір электр станциялары қолданыстан шығарылады.

2060 жылға қарай жаңартылатын және баламалы энергия көздерінің үлесі елдің жалпы энергия балансының 80%-тен асады. Көміртектігінен бейтараптық сценарийі мәлімделген мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттің, бизнестің және жалпы қоғамның белсенді әрі бірлесіп күш жұмсауын қажет етеді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.