Junior Eurovision 2021: ұлттық іріктеудің финалистері анықталды

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаның jevision.khabar.kz ресми сайтында көрермендердің онлайн дауыс беру нәтижелері бойынша финалистердің есімдері белгілі болды.

Олар:

  1. Амантай Айганым Айбекқызы
  2. Бекнұр Жәнібекұлы
  3. Асгатова Амина Бауржанкызы
  4. Саакян Армен Ервандович
  5. Хамзин Алинур Азаматович
  6. Табарина Екатерина Денисовна
  7. Маким Жан Алиұлы
  8. Түгелбай Әлімжан Майрамбекұлы
  9. Жұмабай Абілқайыр Досанұлы
  10. Суленова Адина Ерлановна
Junior Eurovision 2021
Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

Енді қазақстандық композиторлар финалистерге арнайы 6 қарашада «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде өтетін гала-концертте шырқалатын 10 ән жазып береді.

Junior Eurovision — 2021 ұлттық іріктеуінің жеңімпазын әділқазылар алқасының бағалауы және қазақстандықтардың SMS-дауыс беру нәтижелері анықтайды. Ұлттық іріктеу жеңімпазы Қазақстанның атынан 19 желтоқсан күні Парижде өнер көрсетеді.

Ұлттық іріктеудің өтуіне Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт министрліктері қолдау білдірді. Жоба «Хабар» агенттігінің серіктесі — «ADAM media group» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.