Қазақстандықтарды қайта вакцинациялау қашан және қалай өтеді?

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook-парақшасында жазды.

Бұл мәселе Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды.

Коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсы аяқталғаннан кейін 6-9 айдан кейін қосымша дозаны енгізу ұсынылады, бұл ретте:

  • векторлық (Спутник) вакциналармен екпе алған адамдар 9 айдан кейін инактивацияланған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer) ревакцинацияланады;
  • белсенділігі жойылған вакциналармен (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакцинация алған азаматтарға векторлық (Спутник) немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer) 6 айдан кейін ревакцинацияланады;
  • М-РНК вакцинасымен (Pfizer) вакцинация алған адамдарға 6 айдан кейін белсенділігі жойылған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник) вакцинамен ревакцинацияланады;
  • вакцинация курсынан толық өткен коронавируспен ауырған адамдар сауыққаннан кейін 3 айдан соң ревакцинацияланады.

Осылайша, ревакцинацияның басталуы 2021 жылғы қарашаның III онкүндігінен басталады.

Ревакцинацияға арналған контингент: тәуекел топтары (медициналық қызметкерлер, педагогтар, жабық мекемелердің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері); 60 жастан асқан адамдар; өздігінен зерттеуден өткен және коронавирусқа қарсы антиденелерге теріс тест нәтижесі бар адамдар.

Ревакцинация үшін вакцинаның 1 дозасы пайдаланылады.