Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қоса беріліп отырған ұлттық жобалар тізбесі бекітілсін. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: осы жарлықтың 1-тармағында көрсетілген ұлттық жобаларды бекітсін. Осы жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, — делінген президент жарлығында.
Ұлттық жобалар тізбесі келесідей:
- «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы.
- «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы.
- «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы.
- «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы.
- Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
- «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы.
- «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы.
- «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы.
- Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
- «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы.