Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесіне қатысады

Фото Берік Уәлидің Facebook-парақшасынан алынды

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қазан күні Беларусь Республикасының төрағалығымен бейнебайланыс режимінде өтетін ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысады. ТМД елдерінің басшылары Достастық аясындағы ынтымақтастықты тереңдетудің жағдайы мен перспективаларын талқылайды, — деді Берік Уәли.

Оның айтуынша, 2022 жылы ТМД ұйымына Қазақстан төрағалық етеді.

Exit mobile version