Басты бетҚоғамАлматының үздік...

Алматының үздік мұғалімдеріне пәтер мен автокөлік кілті тапсырылды

Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қалалық «Алматының жыл мұғалімі» байқауының гран-при иегері, №39 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Нұржігіт Амановқа сыйлық ретінде Alma City тұрғын үй кешенінен пәтер берілді.

Жыл мұғалімі, Алматы
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ал 1 орынды иеленген №10 гимназияның физика пәнінің мұғалімі Дарын Сайыновқа автомобиль кілті тапсырылды.

Жыл мұғалімі, Алматы
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Екінші және үшінші орын алған №96 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Раиса Цой және №92 мамандандырылған лицейдің химия пәнінің мұғалімі Суннатулла Каумбаев ақшалай сыйақымен марапатталды.

Жыл мұғалімі, Алматы
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жыл мұғалімі, Алматы
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен бірге 10 үздік педагог, оның ішінде балабақша тәрбиешілері қала әкімінің гранттарымен марапатталды. Республикалық «Үздік педагог» байқауы қалалық турының жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар берілді.

Өз мамандығы бойынша үздіктерді анықтауға бағытталған шара дарынды мұғалімдерді қолдап, беделін арттырып, озық педагогикалық тәжірибені бөлісу мақсатында өткізіледі, — деді Бақытжан Сағынтаев.

Жыл мұғалімі, Алматы
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, мектепке жаңа келген жас мұғалімдер үшін осымен үшінші жыл қатарынан бір реттік материалдық көмек көрсетіліп жатыр. Биыл 566 жас маманға жалпы 33 миллион теңге берілді.

Мұғалімдердің тұрғын үй жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді. «Алматы жастары 3.0» қалалық бағдарламасы бойынша былтыр білім беру саласының 307 қызметкері пәтер алды. Биыл 245 педагог жеңілдетілген несие беруді пайдаланды, — делінген хабарламада.

Кездесу соңында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев педагогтар мен тәлімгерлерге игі еңбектеріне табыс тіледі.