Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда бір...

Қазақстанда бір күнде 164 отбасы ажырасады

Бұл туралы ол үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жолдап, Мәжілістің жалпы отырысында қазақстандықтардың некелерін сақтап қалу жөніндегі өз идеясын айтты.

Дархан Мыңбай мемлекет басшысының сөзін еске салып, әрбір отбасын сақтау – Отанымыздың тұрақтылығының кепілі әрі жас отбасының шаңырағы бақыт бесігіне айналуға тиіс екенін атап өтті.

Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасында отбасын қолдау мен нығайту – елдің табысты дамуының кепілі екені айтылған. Бағдарлама отбасылардың әл-ауқаты мен олардың лайықты өмір сүруіне заңнамалық, әлеуметтік және жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған. Біздің ойымызша, бүгінгі таңда өте маңызды проблеманың терең тамыры жастардың ажырасуында, жекелеген отбасылардың ыдырауында жатыр. Өйткені, тұрақты отбасын құру, көп балалы болу – ұлт санын арттырудың негізі, – деп атап өтті Дархан Мыңбай.

Депутаттың айтуынша, бүгінде қоғамдағы отбасы институтының әлсіреуі, оның ішінде құрылған некелер санының қысқаруы және ажырасу фактілерінің өсуі жүйелі түрде тіркеліп отыр.

Отбасы және ресми статистика туралы Ұлттық баяндаманың деректері бойынша 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде тіркелген некелердің жалпы саны 709,6 мың, ал ажырасқан отбасылар – 274,5 мың болды. Яғни тіркелген некемен салыстырғанда ажырасулар саны 35%-тен 43%-ке дейін өсті. Демек, кейінгі 5 жылда күніне 389 неке тіркеліп, 150 отбасы ажырасқан, – деді мәжілісмен.

Ол 2019 жылдың қорытындысы бойынша 59 796 неке бұзылғанын, яғни бір күнде 164 отбасы ажырасқанын атап өтті. Сол жылы 120 мыңға жуық адам некені бұзды, олардың әрқайсысы екінші, яғни 60 мыңнан астамы (60 324 жас – 50,5%) – 18-35 жасқа дейінгі жастар. Ажырасудың көп бөлігі 30-34 жас аралығындағы жас отбасыларға тиесілі (23,3%).

Осыған байланысты Парламент мүшесі Үкіметке отбасы институтын сақтау туралы өз ұсынысын айтты. Атап айтқанда, жастар арасында тұрақты отбасы институтының құндылықтарын қалыптастырудың жандануы үшін орта және жоғары оқу орындарында арнайы сабақтар өткізу керектігін баса айтты.