Қай өңірдің тұрғындары ауызсумен толық қамтылған?

2020 жылдың қорытындысы бойынша елдегі сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 94,1% құрады, оның ішінде ауылдарда – 90,1%, қалаларда – 97,5%. Бұл 17,7 миллионнан астам адам деген сөз, – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сонымен бірге ол аймақтардың халықты ауызсумен қамтамасыз ету көрсеткіштеріне тоқталды.

Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында қала халқы 100% сумен жабдықтау қызметтерімен қамтылған. Ауызсуға ең төмен қолжетімділік Жамбыл облысында – 88,9% байқалып отыр, деді Бейбіт Шаханов.

Бейбіт Шахановтың айтуынша, ауылдық жерлердегі сумен жабдықтауға ең жоғары қолжетімділік Алматы (98,3%), Атырау (98,5%) және Қызылорда (97,6%) облыстарында тіркелді.

Ауылдық жерлердегі сумен жабдықтауға ең төменгі қолжетімділік Қостанай (64,7%), Шығыс Қазақстан (81,4%), Солтүстік Қазақстан (82,2%) және Жамбыл (82,2%) облыстарында анықталды, – деді комитет өкілі.