Ғимарат пен трибуна толық қиратылып, орнына жаңа кешен салынады. Бұл ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі растады.
Нұр-Сұлтанның әкімдік өкілдерінің мәліметінше, 2020 жылы маусымда стадион апаттық жағдайда деп танылған. Биыл стадионның салынғанына 85 жыл. Спорт кешені 1936 жылы ашылған. Бұған дейін атауы сегіз рет ауысып, 1986 жылы Мұңайтпасов есімі берілген. Бүгінгі таңда стадионға 12 250 көрермен сияды.
Мұңайтпасов атындағы орталық стадион апаттық жағдайда деп танылуына байланысты қазіргі таңда жобалық іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыс қазір эскиздік жобасын дайындау сатысында тұр, – делінген әкімдіктің баспасөз қызметі берген мәліметте.
Айта кетейік, биыл елімізде Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы аталып өтіп жатыр.