Балалардың жасаған үздік жұмыстары Lotte Rakhat кондитер өнімдерінің қаптамасын безендіруге пайдаланылады.
Жобаның мақсаты, бір жағынан, балаларды өнерге, шығармашылыққа баулу, сонымен қатар жас авторлардың шығармасын танытуға қолдау жасау. Екінші жағынан, отандық және шетелдік тұтынушыларды сапалы өніммен қуанту, — деді Lotte Rakhat АҚ маркетинг жөніндегі директоры Әсел Мақұлбекова.
Жобаға 30 бала қатысады және олар fine art, стилистика, граффити және street-art бойынша тегін білім алады. Арт резиденциядағы сабақтар мектеп бағдарламасынан тыс уақытта өтеді. Сонымен бірге барлық санитария шаралары сақталады.
Еске салайық, бұған дейін шоколад өнімдерінің мұқабасында Асқар Есдәулет, Қазақбай Әжібекұлы, Ержан Танай, апалы-сіңлілі Ғалия мен Бота Құсайыновалар, Оразбек Есенбаев, Арыстанбек Шалбаев сияқты Қазақстан суретшілерінің туындылары бейнеленді.
2020 жылы дүкен сөрелерінде жас суретші Әйгерім Кәрібаеваның иллюстрациясымен бейнеленген өнімдер пайда болды.
Ал 2019 жылы суретші, иллюстратор Мұрат Ділманов кеуекті шоколад пен Алматы кәмпиттер жиынтығының дизайнын жасады.