14 қазанда Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді

Беларусь Республикасының бастамасы бойынша 14 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді.

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының өзекті мәселелері және ЕАЭК-ке мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылайды, – деп жазды баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.