Журналист Рашид Гарипов қайтыс болды

Рашид Гарипов 1958 жылы 16 мамырда Башқұрт КСР-і Октябрь қаласында дүниеге келген. Ол еліміздің журналистика саласына өмірінің 34 жыл уақытын арнады.

Айта кетейік, Рашид Гарипов әр жылдары «Вечерний Алматы», «Экспресс К», «Страна и мир», «Караван», «Известия Казахстана», «Казахстанская правда» газеттерінде және «КТК» телеарнасында жұмыс істеді.

2012 жылдың шілдесінен 2021 жылдың қыркүйегіне дейін «Время» газетінде бас редактор болып қызмет атқарды. 2011 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.