Басты бетЖаңалықтарНұр-Сұлтанда мамонттың...

Нұр-Сұлтанда мамонттың мүйізін заңсыз әкетпек болғандар ұсталды

Ресей Федерациясының азаматы Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайы арқылы жалпы салмағы 2 мың келіден асатын мамонттардың азуы мен жүнді мүйізтұмсықтардың мүйізін Қытай Халық Республикасына контрабандалық жолмен әкетуге тырысқаны анықталды.

Тауарды жөнелтуші – Мәскеудегі ЖШҚ директоры. Палеонтологиялық материалдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және одан әрі ҚХР-ға жіберу мақсатында Нұр-Сұлтанда ЖШС тіркеліп, директоры болып Ресей Федерациясының азаматы тағайындалған.

Мамандардың қорытындыларына сәйкес мамонттар мен жүнді мүйізтұмсықтардың қазба қалдықтарының зерттелген барлық бөліктері палеонтологиялық аретфактілердің ғылыми-тарихи, мәдени құндылығы бар. Зерттелген қазба қалдықтарының барлық бөліктерінің құны 173 миллион теңгені құрайды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынады.

Осылайша, ұсталған азамат аса ірі көлемде экономикалық контрабанда жасады деген күдікке ілінді. 2021 жылғы 1 қазанда күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.