Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы атыстан...

Алматыдағы атыстан қаза тапқан полицейлердің отбасына баспана берілді

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында қала әкімі тағы да көңіл айтып, полицейлердің жесірлеріне пәтер кілтін табыстады. Алматы әкімдігінің бастамасы сот шешімін орындау бойынша қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полицейлердің отбасыларын қолдау мақсатында қабылданды, — делінген хабарламада.

Полиция капитаны Нұрбол Байғазиев ішкі істер органдарында 2014 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет етті. 2021 жылдың 28 шілдесінен бастап Алатау аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарды.

Оның артында 5 және 7 жастағы екі баласы қалды.

Алматыдағы атыс,
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Полиция майоры Дархан Сүлеев ішкі істер органдарында 2003 жылдың қаңтарынан бастап қызмет етті. 2021 жылдың 20 тамызынан бастап Алатау аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарды.

Оның артында кәмелетке толмаған бес баласы қалды, олардың ең кішісі – 4, үлкені – 16 жаста.

Алматыдағы атыс,
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, Нұрбол Байғазиев пен Дархан Сүлеевтің жеке тұрғын үйі болмаған.