Басты бетҚоғамҚарағандыда роупджампингтен...

Қарағандыда роупджампингтен секірген әйелдің өлімінен кейін нұсқаушы қамалды

Тергеу барысында қауіпсіздік техникасын өрескел бұзған 32 жастағы аттракцион инструкторы анықталды. Күдікті ҚПК 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Полиция қазір тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Еске салайық, 10 қазан күні Қарағандыда арқанмен секірген 33 жастағы үш баланың анасы Евгения Леонтьева 30 метрлік биіктен секіріп, қайтыс болды. Әйел жердегі бетонға соғылған.

Кейіннен Қарағанды облысындағы Саран әкімдігі 10 қазанда қайғылы оқиға болған «Созвездие» қонақүйінде секіру ұйымдастыруға рұқсат бермегенін хабарлады.

Полиция Қылмыстық кодекстің 306-бабы 1-бөлігі «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бойынша қылмыстық іс қозғады.

Әлеуметтік желіде оқиғаның қалай болғаны түсірілген видео жарияланды. Марқұмның туыстарының айтуынша, қайғылы оқиғаға дұрыс бекітілмеген арқан себеп болған.