Бұл мәліметке қатысты Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
Бүгін полицияның «102» пультіне хабарлама келіп түсті. Онда Нұр-Сұлтан жалпы білім беретін мектептерінің электрон поштасына белгісіз біреулер ғимараттарға жарылғыш заттардың қойылғандығы туралы хабарлаған.
Нұр-Сұлтан полиция департаменті қызметкерлері тексеріс жүргізді. Ақпарат расталмады. Жарылғыш заттар анықталмады. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, — делінген полиция департаменті хабарламасында.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жарылғыш зат туралы жалған хабарлама қалдыру қылмыстық істің қозғалуына әкеп соғатынын ескертеді.
Азаматтардан мессенджерлерден жалған ақпарат таратпауларын және дүрлікпеуін сұраймыз, — делінген хабарламада.